424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асанәлі Әшімовтің шәкірттерінен құралған театр ел аралауға шықты

  • 879
  • UPD: 11:51, 18.10.2019
Асанәлі Әшімовтің шәкірттерінен құралған театр ел аралауға шықты

Халық әртісі Асанәлі Әшімовтың шәкірттерінен құралған «Жаңа ғасыр» театры ел аралауға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас әртістердің гастролдік сапары Ақтаудан басталды. Шығармашылық ұжым қала тұрғындарына 3 бірдей қойылымын әкелген. «Соңғы қоңырау» поэтикалық комедиясы, «Арыстан патша» мюзиклі және «Айлакер жесір» атты комедиясы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық драма театрында қойылады. Жас театрдың бір ерекшелігі – мұндағы 27 әртістің барлығы бір оқу орнында, бір факультетте бірге оқыған курстастар. Қойылымдарын да өздері жазып, өздері қойып, өздері ойнап шығады. Биыл ғана құрылған ұжым аз уақытта қоржынын 10 спектакльмен толтырып үлгерген.

Асанәлі Әшімов, ҚР Еңбек ері, ҚСРО халық әртісі:

Театр халықпен әр уақытта. Әр жерге барғанда халықпен танысу, өнерін көрсету, өнеріне баға алу жаңа театр болып жатқан жастар. Бұлардың ұйымшылдығы, қалай жүріп жатқаны, өмірді көріп, аралап шығуолардың міндеті. Ол көп нәрсе береді балаларға. Жері киелі жер деп арнайы бастап отырмыз. Әрі қарай батыстың 4 облысын аралап, Қызылордамен бітіреміз.

Талғат Көбеков, «Жаңа ғасыр» театрының жетекшісі:

- Бүгінгі театрға көңіліңіз тола ма, толмай ма деген сұрақ қойылды. Соған байланысты жаңашыл жол іздеп, ән, би, онан кейін актерлердің рөл сомдау әдістерінде өзгерістер бар. Өйткені бүгін XXI ғасыр ғой. Соған байланысты бүгінгі көрерменнің көзқарасы бөлек, ойы бөлек. Соған лайықты, соған сай, шамамыз келгенше біздер де бағыт іздеп жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы