387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Армандастар» телехикаясының тұсаукесері өтті

  • 168
  • UPD: 22:25, 08.11.2019

Алматыда «Армандастар» телехикаясының алғашқы көрсетілімі болды. Қарашаның 11-інен бастап телеэкраннан көрсетілетін бұл жаңа туынды «Хабар» Агенттігінің  тапсырысымен түсірілген.

Телехикая сюжеті 20 жылдан кейін кездескен сыныптастардың басынан өткен қилы оқиғалар арқылы өрбиді. Мұнда ауылға деген сағыныш, отбасылық құндылық тақырыптары көрініс тапқан.

Гүлнұр Мамасарипова, «Армандастар» телехикаясының бас продюсері:

- Ия, біз 20 жылдықты ерекше  атап өтеміз. 20 жылдыққа баруға тырысамыз.  20 жылдықта сыныптастырымызды  көргіміз келеді. Олардың кім болғанын, қанша бала-шағасы бар екенін, қандай жетістікке жеткенін көргің келеді. Өзіңді көрсеткің келеді деген сияқты. Сондай қызықты факторлар бар екен. Содан кейін мен ойландым. Неге осыны қандай да бір сериалға тақырып етіп алмасқа. 

25 сериядан тұратын фильмде бір кездері ауылдан арман қуып, қалаға кеткен жастардың орындалмаған арманы, айтылмаған сырлары, баянсыз махаббаты жайында қызықты жәйттер суреттеледі. Жанры комедия болғанымен көрерменге ой салар тұсы да бар. Телехикаяның режиссеры Дархан Саркенов. Айта кетерлігі, бұл жобада негізінен кәсіби актерлар таңдап алынған.

Азамат Сатыбалды, ҚР Еңбек сіңірген қайраткер, актер:  

- Білесіз бе, кейде бір күнде 20 сцена түсірген кездеріміз де болды.  Оның барлығы неге? Кәсіби актерларда. Бір дубль, екі дубль болды. Бір дубль, екі дубль. Одан кейін сын деген нәрсе бар, намыс деген нәрсе бар. Камераның ар жағында өзің сияқты әріптестерің саған қарап отырған кезде сен  қателесуге, сәл босаңсуға ешқандай хақың жоқ. 

Шынайы тұрмысты көрсететін кинотуындылардың әрдайым көрермені де көп болады деген сенімде Агенттік басшылары.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Мен ойлаймын, бұл жоба тек отандық көрермендер арасында ғана емес, соңғы жылдары «Хабар» арнасының сериалдарын Ютуб желісі арқылы, сондай-ақ түрлі телеарналардың сатып алуы арқылы, көршілер Өзбекстан, Қырғызстанның көрермендері көріп жүргенін ескерсек, ол елдер, ол мемлекеттердің аудиториясы тарапынан да жоғарғы бағаға ие болады деген сенімдеміз. 

Сонымен 11 қарашадан бастап, «Армандастар» телехикаясын «Хабар» телеарнасынан дүйсенбі-жұма аралығында кешкі сағат 20:10-да (сегізден 10 минут өткенде) көре аласыздар!

Авторлары: Алуа Маханбет, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы