378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда мәдениетті қолдау қоры құрылады

  • 183
Қазақстанда мәдениетті қолдау қоры құрылады

Елімізде мәдениетті қолдау туралы қор құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы Өнер университетінің ұжымымен кездесу барысында айтты. Айтуынша, бұл мәдениет туралы заң жобасы аясында жүзеге асатын болады. Жоба әзірге Үкіметтің қарауында жатыр. Ал өнер ұжымының ұстаздары мәдениет саласында докторанттарды көптеп дайындау қажеттігін ұсынды. Сонымен қатар кино саласында диплом қорғайтын студенттерге қаржылай қолдау жасау мәселесін де жеткізді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің комитет төрағасы:

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында мәдениетке аса көңіл бөлу туралы атап өтті. Осыған байланысты арнайы мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді. Сол бойынша біз қазір Үкіметтен заң жобасын күтіп отырмыз. Заң жобасы келгеннен кейін осы өнер университетінің сарапшы мамандарының қатысуымен сол заңды қараймыз.

Хабар 24 телеарнасы