428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы этнос өкілдері айтулы мерекеге орай челлендж бастады

  • 314
  • UPD: 21:14, 30.04.2020

Бас шаһардағы Достық үйінде 23 ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ширек ғасырдан бері ұлтаралық келісімді насихаттап келе жатқан бұл ұйымдар биыл Қазақстан халқы бірлігі мерекесін жаңаша тойлауға дайындалып жатыр.

Елордалық Достық үйінен ірге тепкен ұлттық орталықтардың бірі, немістердің «Wiedergeburt» қоғамы. 30 жылдан бері жемісті жұмыс атқарып келген ұйым әлеуметтік-мәдени жобаларды іске асырады. Карантинге байланысты достық мерекесін жылдағыдай  тойлау мүмкін болмады. Десе, орталық орайын тауып, мерекелік челленджді қолға алған.

Евгения Гизик, «Wiedergeburt» неміс қоғамы төрағасының орынбасары:

– Бүгін ғана Қазақстан халқы бірлігінің күні қарсаңында балаларымыз ұйымдастырған челледжді инстаграм парақшаға жүктеген едік. Баршаға ортақ челледж арқылы достық дестесін жасадық. Әр ұлттың баласы қолдан бір-бір гүлден тіккен еді, ал біздің қолөнершіміз Татьяна Тарасовна бәрін бір дестеге жинады. Осылайша, біз бір халық екенімізді білдірдік.

Корей ұлттық орталығы да отыз жылда ұлттық дәстүрін қадірлейтін жаңа буынды тәрбиелеп үлгерген. Халықтың ыстық ықыласына ие ән және би ансамбльдері осы уақытта ел ішінде жеке концерт беретін еді. Тек биыл бұл жоспарлары кейінге ысырылды.  

Роза Пак, қалалық корей бірлестігі төрағасының орынбасары:

– Бұл кезең барлығына бірдей ауыр тигені белгілі. Дегенмен, мұны да иық тіресе бірге өткереміз. Сабырлық таныту керек, сонда бәрі де жақсы болады.

Елбасының қатысуымен ашылған осынау Достық үйі барлық этномәдени басшыларының бас қосып, ортақ идеяларын жүзеге асыратын достық ордасы. Тілі бөлек, тілегі бір этно-мәдени орталықтар жұмысын бір сәтке де тоқтатқан емес. Еңсемізді түсірмей, бір-бірімізге демеу болсақ, індеттің бетін қиналмай қайтара аламыз дейді олар. 

Авторлары: Бақыт Топтаева, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы