429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда ерекше сурет көрмесі ашылды

  • 140
  • UPD: 01:46, 10.10.2020
Түркістанда ерекше сурет көрмесі ашылды

Оған Батыс Қазақстан облысының дамуында кемістігі бар балалары салған туындылар қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрмеде әртүрлі жанрда салынған 20-дан астам жеткіншектің еңбектері жұрт назарына ұсынылды. Көздің жауын алатын картиналар облыстық жастар ресурстық орталығының павильонын жайнатып жіберді.

Айта кетейік, бұндай көрме бір уақытта еліміздің барлық аймағында өтіп жатыр. Шараны «Аялаған алақан» қайырымдылық қорының еріктілері ұйымдастырды. Сонымен қатар олар арнайы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне сурет салуың қыр-сырын үйретеді. Болашақта белсенділер балалардың салған суреттерін әлемнің басқа елдеріне көрсетуді жоспарлап отыр.

Қарашаш Есенбай, облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз хатшысы:

- Осы арқылы ерекше балаларды қоғамнан тыс қалдырмауды көздейміз. Керісінше, олардың дарынын ашу. Олардың өмірге деген құлшыныстарын арттыруға көп септігін тигізеді деп сенемін.

 

Хабар 24 телеарнасы