425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Семейде Абай жылы қорытындыланды

  • 460
  • UPD: 23:14, 23.12.2020

Хакімнің есімімен аталатын театрда есеп беру концерті өтіп, Әміре Қашаубаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының өнерпаздары ұлы ойшылдың әндерін әуелете шырқады.

Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Абай» операсынан үзінді орындалды. Шығармашылық кеш көрерменсіз онлайн өтті. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 500-ге жуық іс-шара жоспарланған болса, пандемияға байланысты көпшілігі өтпей қалған.

Ұлан Сағадиев, мәдениет басқармасының мәдениет өнер бөлімінің басшысы:

- Негізгі мақсат Абай жылындағы Абайдың мұң мұрасын жеткізу ұрпақ санасына жеткізу оның мұрасын насихаттау және дәріптеу болып табылады. Биылғы жылғы Абай Құнанбайұлының есісімен тікелей байланысты Семей қаласындағы, Абай ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылып қайта пайдалануға берілді. Бұл да болса Абайдың есімін ұлықтауға, мәнгілікке есімге сақтауға оның мұң мұрасын сақтауға нәсихаттауға жарқын бағыт алған үллкен жоспарлы жұмыстар.

Хабар 24 телеарнасы