419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде колледжге Абай есімі беріліп, ескерткіші қойылды

  • 290
  • UPD: 22:18, 25.12.2020

Шығыста Абайдың 175 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар аяқталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл бойы хәкім мұрасы насихатталып, ақынның есімі ұлықталды. Орта және жоғарғы оқу орындарында ұлы ойшылдың шығармашылығы зерделенді. Поэзиялық кештер мен мүшайра өтті. Абайдың туған жері Жидебайдағы мемориалдық кешен толық жаңартылды. Қазір Абай ауданының орталығында мектеп салынып жатыр. Білім ордасына хәкім есімі беріледі. Биыл аймақтағы бірнеше ауданда Абай ескерткіші ашылды. Өскемендегі гуманитарлық колледжге ұлы ақынның есімі беріліп, ғимарат алдына ескерткіші қойылды. Қоладан құйылған ақынның сұлбасын  семейлік мүсінші - Болат Кәрібаев жасаған. Ескерткіштің ашылу шарасына абайтанушы ғалымдар  мен зиялық қауым қатысты. Олар Абай атын асқақтату бойынша болашақта жасалауы тиіс жобаларға тоқталды.

Фархат Құрманов, Абай атындағы гуманитарлық колледждің директоры:

- Абай Құнанбайұлын жас ұстаздарға дәріптеу мақсатында абайтану кабинетін ашып отырмыз. Мұнда Абайдың әл-Фараби атындағы университеттің шығарған 43 томдық еңбектері қойылды.

Болат Кәрібаев, мүсінші:

– Абай атамыздың бұл бейнесін 2 мүсін қылып жасадық. Бірінші Ақсуат ауылында жасадық. Осы мерейтойға байланысты тапсырыс келді. Көмегімізді жасағандай қылдық. Әрине, бәріміз білеміз, Абай атамыздың нақты бейнесі жасалған жоқ. Әлі жасалу үстінде, ізденіс үстінде. Біз ізденістік бейне дейміз.

Хабар 24 телеарнасы