389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Ақмола облысына барды

  • 513
  • UPD: 10:37, 06.01.2017

Мәжіліс депутаттары Ақмола облысында да болды.

Онда депутаттар жергілікті «Нұр Отан» партиясы мүшелерімен кездесіп, өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ бірқатар жаңа заң жобасын партия белсенділеріне түсіндірді. Одан кейін мәжілісмендер Көкшетаудағы сүт зауыттарының бірінде болып, ондағы тың технологияларды көзбен көрді.

Айта кетейік, аталған зауыт тәулігіне 16 тонна сүт өнімдерін шығаруға қауқарлы. Алайда, қазір бұл көрсеткіш 10-12 тоннадан аспай отыр. Ал, зауытта 80 адам еңбек етеді.

Елена Московец, сүт зауытының директоры:

- Қазіргі таңда зауыт 30-35%-дық қуатта ғана жұмыс істеп отыр. Айына 2,7 млн литр сүт өнімдерін шығарып жатырмыз. Біз одан да көп өнім өндіре аламыз. Бірақ, сату мен шикізат табу қиын. Әйтпесе, экспортқа да шыққымыз келеді.

Жексенбай Дүйсебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сүт өңдейтін жерлерді көптеп ашуды қазіргі уақытта Үкіметіміз қолға алып жатыр. Жаңадан мемлекеттік бағдарлама да қабылданды. Сүт өнімдері көбінесе шикізат ретінде кетіп жатады. Оның өңделетіні 30-25%-дан аспайды. Сондықтан, мынау өте тиімді зауыт. Бұларға ең бірінші көмек – шикізат табу.

Хабар 24 телеарнасы