383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Православ христиандары Шоқыну мерекесін атап өтуде

  • 784
  • UPD: 14:44, 19.01.2017

Бүгін православтар Шоқыну мерекесін тойлап жатыр.

Христиандар шіркеулерде Құдайға құлшылық етіп, мұздай суға шомылуда. Биыл Астана қаласында Есіл өзенінде екі ойық ұйымдастырылған. Бірі Кенесары ханның ескерткіші маңында, екіншісі «Самал» шағын ауданында. Дұғамен аластатылған суға түскен өте пайдалы деген сенім бар. Әрі адам баласы күнәдан арылып, дертінен айығады. Өзенге келіп, суға шомылушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін осындағы арнайы қызметтер қадағалап отыр.

Блиц 1:

- Суға түсу – қорқынышты, ал сүңгіп шығу керемет!

Блиц 2:

- Суға ойланбай, бірден түскен жөн. Кідіріп қалсаң, біразға дейін жүрегің дауаламайды.

Блиц 3:

- Суық па, деймісіз? Бастысы, жүректің соғысы тамаша. Барып, шомылыңыз, көз жеткізесіз!

Хабар 24 телеарнасы