385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 30 мыңға жуық мұғалім ағылшын тілін жетік меңгеретін болады

  • 1093
  • UPD: 10:56, 27.07.2017

Физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдердің жалақысына қосымша үстемақы қосылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова хабарлады.

Оның айтуынша, үстемақының көлемі шамамен 35 мың теңге болады. Осы оқу жылының өзінде мыңнан астам мұғалім біліктіктілік курсынан өтті. Ағылшын тілін оқыту курстарының мерзімі 3 айдан 10 айға дейін. Жалпы 30 мыңға жуық мұғалімге ағылшын тілін меңгерту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2019-шы жылдан бастап елімізде үш тілді білім беру жүйесі енгізіледі. Бұл  «100 нақты қадам»: Ұлт жоспарының 79-шы қадамын жүзеге асыру. Онда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу туралы айтылған. Жаңа жүйе білім саласының экспорттық әлеуетін көтеруді көздейді. 

Зейнеп Мақсұтова, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары:

– 2013-ші жылдан бастап бірінші сыныптарда ағылшын тілін пән ретінде енгізгенбіз. Былтырғы жылдан бастап 1 сағатқа көбейді. Сондықтан біздің оқушылар физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде білім алуға дайын деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы