386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Украина кардиологтары өзара тәжірибе алмасты

  • 396
  • UPD: 11:39, 03.10.2017

Соңғы жеті жыл ішінде украиналық дәрігерлер әлемнің жетекші клиникалары емдеуден бас тартқан жүрегінде ауыр ақауы бар 25 қазақстандықты құтқарды.

Тағы 50 науқасқа отандық дәрігерлермен бірлесе отырып күрделі ота жасалды. Мемлекеттің әр қаласынан жиналған кардиологтар делегациясы Украинамен жиі тәжірибе алмасып тұрады. Бұл жолы екі апталық тағылымдадан алматылық ақ халатты абзал жандар да өтіп жатыр.

Киев қаласында орналасқан кардиология және кардиохирургия орталығы туа біткен жүрек ақауы бар балаларды емдейтін Еуропадағы ең ірі медициналық мекеме болып табылады. Мұнда жылына екі мыңға жуық ота жасалып, оның 99%-ы сәтті аяқталған. Дәл осы себепті жақын және шет ел дәрігерлері біліктілігін арттыру үшін Украинаға ат басын жиі бұрып жатыр. Асия Ушурова – жергілікті мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында келген қазақстандық делегацияның мүшесі. Ол 27 жыл бойы кішкентай науқастардың өмірін құтқарумен айналысады. Медицина бір орында тұрмайтындықтан, дәрігерлер әрдайым ізденісте жүруі керек деп есептейді. Әлемнің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырған маман Украинаға екінші мәрте келіпті.

Асия Ушурова, балалар кардиологы:

- Біз осы орталықта барынша қызмет етудеміз. Біліктілігімзді арттыру үшін таңғы 08.00-дегі клиникалық жағдайларды тексеру мен талқылаудан бастап, практикалық жаттығулар мен лекция материалдарын игеруге қатысудамыз.

Екі ел арасындағы балалар кардиологиясы сынды маңызды салада серіктестікті бастау мақстында 2010 жылы Қазақстан елшісі Украинада сөз сөйледі. Осы жылдан бері қос елдің жетекші дәрігерлері бірнеше меморандумға қол қойып, көптеген ғылыми іс-шараларды өткізді. Ең бастысы жүздеген науқасты құтқарды.

Абылайхан Бөгенбайұлы, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің атташесі:

- Ураинаның жетекші мамандары жыл сайын қазақстандық науқастар үшін арнайы келіп ота жасап жатыр. Ал отандық дәрігерлер украиндық мамандардың үздік әдістерін меңгеріп, біліктілігін арттырып келеді.

Жеті жыл ішінде 40-қа жуық балалар кардиологы Киевте санаттарын жоғарылатқан. Украиндық делегация да елдегі бірнеше медициналық клиникада болып, 1 500-ге жуық кеңес беру рәсімін өткізген.

Владимир Жовнир, Балалар кардиологиясы және кардиохирургиясы орталығының бас дәрігері:

- Осындай іс-шаралар мен серіктестіктің нәтижесінде Алматы қаласынан жаңа туған сәбилерге арналған кардиохирургия бөлімі ашылды. Алғашқы отаны екі елдің мамандары бірігіп жасады. Менің білуімше, бүгінде ол орталық белсенді түрде жұмысын істеп, жақсы жетістіктерге жетіп жатыр.

Қазан айының соңында украиндық кардиологтар семинар өткізуді жаспарлап отыр. Шараға қазақстандық дәрігерлерді де шақырған. Жиында әлемге әйгілі украиналық методика жайлы сөз қозғалады. Ол әдіс сәбиде жүрек ақауы барын жүктілік кезінде анықтап, шақалақ өмірінің алғашқы сәттерінде-ақ ота жасауға мүмкіндік береді.

Авторлары: Анна Панащук, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы