389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қордай» бекетіндегі жағдай тұрақты

  • 545
  • UPD: 17:57, 23.10.2017

Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал тұрақты. Көлік кептелісі жоқ. Қалың кезек те көрінбейді. Алайда түске дейін мемлекеттік шекарадан он мыңға жуық адам өткен. Арнайы мамандар әрі-бері өтушілерді тыңғылықты тексеріп жатыр. [2] Қазір «Қордай» бекетінде біздің түсірілім тобы да жүр. 

Алмас Сәдуақас, тілші:

- Жалпы «Қордай» бекетіндегі жағдай тұрақты. Мұнда адамдар мен көліктердің қатынауына шектеу жоқ. Көші-қон полициясы мен шекарашылар қадағалауды құжаттар бойынша дұрыс жүргізуге баса көңіл аударып жатыр. Кешеден бері бекет арқылы 10 мың адам мен 1 мың көлік өткен. Шекарадағы ахуал үнемі біздің назарымызда болады.

Хабар 24 телеарнасы