Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде отандық жедел дайындалатын кеспе сатыла бастайды

  • 677
  • UPD: 22:00, 10.11.2017

Кеспебай.

Дәл осындай атаумен қазақстандық жедел дайындалатын кеспе жақын арада сатылымға шығады. Мамандардың айтуынша, бұл отандық өнім шетелдің лезде әзірленетін тағамдарымен бәскелесе алады. Нарықтағы бағасы да салыстырмалы түрде арзан. 130 теңгеден саудаланады деп жоспарланып отыр. Жоба «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің қолдауымен жүзеге асты.

Жедел әзірленетін тағамның өндірісі де жылдам жүріп жатыр. Қамырдың дайын тауарға айналуы үшін бірнеше минут жеткілікті. Кәсіпорын иелері айына алты, ал жылына 60 миллион кеспеге дейін өндіреміз деп жоспарлап отыр.

Алмаз Зарипов, «KazBrand» ЖШС Бас директоры:

- Сапасы жақсы. Денсаулыққа зиянды ешқандай зат қоспаймыз. Бағасы болса, төмендетеміз. Салмағы күшті.

Қазір Жедел тамақтандыру комбинатында 30-ға жуық маман еңбек етуде. Айта кетейік, бұл жобаның жүзеге асуына «ҚазАгро» ұлттық холдингі ұйытқы болып отыр. Ұйымға қарасты «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы комбинат жұмысына 900 млн теңгеден астам қаражат бөліпті.

Бауыржан Сәбитов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры:

- Жұмсалған жалпы шығын – 1 млрд 233 млн теңге. Оның 981 млн теңгесін «ҚазАгроҚарсы» акционерлік қоғамы бөлді. Бұл қаржы құрылыс жұмыстарына, технологиялық құрал-жабдықтар сатып алуға және айналымдағы қаражатты толықтыруға жұмсалды.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында жауапты министрлік бірнеше жобаны әзірледі. Соның бірі – ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамытудың және агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды жетілдірудің картасы. Оны іске асыру қайта өңдеу өнімдерінің өндірісін 1,9 трлн теңгеден 3 трлн-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бағдаулет Қалкөзов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент сарапшысы:

- Негізгі басым бағыт ретінде 9 бағыт қарастырылған. Олар: сүт, ет, тері, жүн, жеміс-көкөніс, майлы дақылдар, дәнді дақылдар, картоп және қант қызылшасы.

Қазір осы бағыттар бойынша 1 345 зауыт жұмыс істеп жатыр. Оның 435-і аталған картаға енгізілген.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы