389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында күн суытты

  • 507
  • UPD: 19:56, 30.03.2018

Ақтөбе облысының кей аудандарында қар жауып, күн суытты. Синоптиктердің мәлімдеуінше, бұл құбылыс алдағы үш тәулікке дейін сақталады.

Күн тек сәуір айының онынан кейін жылына бастайды. Бірнеше күн бұрын қалада су тасқынына қарсы арнайы штаб құрылды. Наурыздың жиырмасынан бері 70 мың текше метр су сорылып, мыңдаған тонна қар шығарылған. Жалпы облыс бойынша су басу қауіпі бар 43 елді мекен анықталды. Бұл аумақтарда 12 мыңнан астам тұрғын бар.

Лариса Тарасенко, синоптик:

- Соңғы күндері біздің облыс оңтүстік-Каспий циклонының ықпалында тұр. Сондықтан кей жерлерде қар жауып, күн салқындады. Алдағы тәуліктерде көктайғақ болып, ызғарлы жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы төмендейді.

Бекболат Нұрашев, қала әкімдігі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы:

- Қазіргі уақытта қалада жағдай қалыпты болып саналады. Күннің салқындығы мен қатуына байланысты, су сору жұмыстарын уақытша тоқтатып отырмыз. Дегенмен, қазір штаб жұмысын тәулік бойы жүргізіп отыр. Қабылдаған әрбір қоңырауға барып, тексеру жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Су қоймаларында әлі мұз жатыр, ондай қауіп жоқ. Жағдай бақыланып отыр. Қаладан өтетін өзендерге аздап су келіп, жүріп жатыр. Бірақ өз деңгейінде, бақылап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы