365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы су қоймасынан 2 адам құтқарылды

  • 214
  • UPD: 11:48, 10.07.2018
Қарағанды облысындағы су қоймасынан 2 адам құтқарылды

9 шілде күні Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару тобының құтқарушылары Теміртаудағы Самарқанд су қоймасында 2 адамды ажалдан аман алып қалды.

Сағат 14:20-да Теміртау қаласының құтқару бөлімшесінің кезекшісі су бетінде қозғалыссыз жатқан адам денесін көріп, оқиға орнына 2 құтқарушы мен медбике жөнелді. Су ішінен табылған 25 жастағы қызды құтқарушылар жағаға шығарып, алғашқы дəрігерге дейінгі көмек көрсетті. Содан соң құтқарылған жан жедел жəрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Екінші жағдай сол күні сағат 18:45-те құтқарушыларға «Солнечная лагуна» демалыс орнында батып бара жатқан жас бала туралы ақпарат түсті. Сағат 18:53-те 1994 жылы туған жасөспірім жағажайға шығарылды. Құтқарылған жан медициналық көмектен бас тартты. Құтқарушылар онымен қауіпсіздік ережелері бойынша таныстыру шараларын өткізді.

Авторы: Айнұр Абдиева

Осы категория бойынша: « «Хабар» Агенттігі Макаоның мемлекеттік телевидениесімен серіктестік орнатты Қызылорда облысында ашық айдында қалған 7 адам құтқарылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы