365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде жылан жайлаған аудан тұрғындары алаңдаулы

  • 179
  • UPD: 17:32, 16.07.2018

Өскеменде жаңадан салынып жатқан ықшам аудан тұрғындары аулада жыланның көбейіп кеткеніне алаңдаулы.

Олардың айтуынша, бауырымен жорғалаушы жәндіктер маңайда емін-еркін жүретін болған. Әсіресе, таңертең жұмысқа барарда жиі кездесетін көрінеді. Жол үстінде ирелеңдеп бара жатқан жыланды тұрғындардың бірі бейнетаспаға да түсіріп алыпты. Әзірге бұл жәндіктердің зияны туралы белгісіз. Ең қорқыныштысы, жәндіктер балалар ойнайтын алаңды да жиі жағалайды. Қала тұрғыны Алексей Рогозин кішкентай балам далаға шықса, үнемі жанында жүретінін айтады. Өйткені талай рет осы жерде жыланның жорғалап бара жатқанын өз көзімен көрген.

Алексей Рогозин, қала тұрғыны:

– Мен осы жерде баламды ойнатып жүргенмін. Ирелеңдеп кетіп бара жатқан жыланды өз көзіммен көрдім. Сондықтан барынша сақ болған дұрыс деп санаймын. Аула үлкен, ойнауға шығатын кішкене балалар өте көп.

Осы категория бойынша: « Ресейдің Түмен облысында қазақтардың ХХІІ құрылтайы өтті Петропавлда абаттандыру жұмыстары қарқын алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы