368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алғашқы көмек көрсетуді білесіз бе?

  • 215
  • UPD: 19:54, 30.07.2018

Еліміздегі әрбір азамат алғашқы медициналық көмек көрсетуді жетік меңгерсе, төтенше жағдайларда адам өлімі азаяр еді.

Бүгінде ел тұрғындарының 90 пайыздайы қарапайым медициналық көмек көрсетуді білмейді. Көпшілік ес-түссіз жатқан жанды көрсе абдырап қалады. Сондықтан республикалық Санитарлық авиация орталығы қоғамды ақпараттандыру мақсатында шеберлік сыныптарын өткізді. Олардың айтуынша, бүгінгі күннің тағы бір өзекті мәселесі – қоғамдық орындарда дефибриллятордың жетіспеушілігі. Шағын аппарат ес-түссіз жатқан адамға қандай көмек көрсету керек екенін автоматты түрде анықтап, нұсқау береді. «Осындай аппаратты қолдану арқылы жылына мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға болар еді», – дейді мамандар.

Борис Сартаев, республикалық Санитарлық авиация орталығының нұсқаушы дәрігері:

- Кәсіпкерлер өз нысандарын өрт сөндіру құралдарымен жабдықтайды. Ал адам өмірін сақтауға қажетті құрылғыны қою туралы ойланбайды. Жалпы базалық реанимацияны көпшілікпен жұмыс істейтін және қоғамдық орындарда қызмет атқаратын адамдардың меңгергені абзал. Егер олар көмекті өз қолымен жасап үйренсе, есінде жақсы сақталады және төтенше жағдайда бірден іске кіріседі. Соның арқасында көмек көрсету уақыты қысқарып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік артады.

Осы категория бойынша: « Елімізден 104 шетел азаматы шығарылды Жамбыл облысында тау шатқалы өртеніп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы