364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабайды бірыңғай турист картасымен аралаушы қонақтарға жеңілдік жасалады

  • 259
  • UPD: 08:15, 31.07.2018

1 тамыздан бастап, Бурабай курортты аймағын аралау ақысы 50 пайызға дейін арзандайды.

Ал бұл жеңілдік «Бурабай-ПАСС» бірыңғай турист картасын қолданған қонақтарға ғана беріледі. Картаның электронды нұсқасы да бар. Ол үшін burabay.city.pass сайтына кіріп, қай бағытта саяхат жасағыңыз келетінін таңдайсыз. Мамандардың айтуынша, аралайтын нысандар қатары көбейген сайын, жеңілдік те молынан беріледі. Бұл әсіресе шетелден келген туристерге өте ыңғайлы болмақ. Себебі олар үйлерінде отырып, өз сапарларын алдын-ала жоспарлай алады. Әрі оларға электронды маршруттық парақтан бөлек Бурабайдың жергілікті картасы мен қазақстандық байланыс операторының сим-картасы да беріледі. Жалпы қазір Бурабай курортты аймағында туристер тамашалай алатын 29 экскурсиялық бағыт бар. 

Данияр Идиятов, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Бурабайдағы визит центрді көре алады және де «Үкілі Ыбырай жолымен» экскурсиясы және Кенесары хан үңгірі, Абылайхан алаңы және оған қосымша биыл ашылған Ботай-Бурабай этно-музейі де қосылады.

Осы категория бойынша: « ШҚО шаруалары суарудың жаңа әдісіне көшуді бастады Ақтау көшелеріне қуат үнемдегіш шамдар қойылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы