365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда «Нұрлы жер» бойынша жалдамалы үй халық игілігіне берілді

  • 205
  • UPD: 17:32, 10.08.2018

Петропавлда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жалдамалы тұрғын үй халық игілігіне берілді.

Қоныс тойын 120-ға жуық отбасы атап өтті. Жалға беру механизмі арқылы тапсырылған баспана кілттері пәтер кезегінде тұрған азаматтарға салтанатты түрде берілді. Енді қоныс той иелері оны 20 жылда сатып ала алады.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Петропавлдық 116 отбасы үшін бүгін ерекше күн. Себебі олар көптен күткен пәтер кілтерін қолдарына алды. Айта кету қажет, бұл бес қабаттан тұратын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерді. Ал баспана бұйырғандар қатарында көп балалы аналар, зейнеткерлер және мүгедектер мен жетім балалар да бар. 

Абылай Құрсақов, қала тұрғыны:

- Осындай үйге, баспанаға қол жеткізіп жатырмыз. «Өз үйің - өлең төсегің» деген. Кең сарайың. Өз үйіңе жетпейді. Бұл үйді біз он бір жылдай күтіп, осыған қол жеткіздік.   

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Айта кету қажет, бүгінгі күні өңірде баспана мәселесі өткір. Яғни тек Петропавл қаласының өзінде үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 14 мыңға жуықтаған. Сондықтан алдағы уақытта жергілікті билік құрылыс қарқынын арттыруды жоспарлап отыр. Ал жыл соңына дейін облыс орталығында жалпы аумағы 93 мың шаршы метр болатын тағы 10 үй пайдалануға берілмек.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Осы категория бойынша: « Қостанайда әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі басталды Алматы полицейлері арнайы медициналық қобдишамен қамтамасыз етілуі мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы