367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда заманауи педиатрия орталығы ашылды

  • 159
  • UPD: 07:53, 14.08.2018
Қарағандыда заманауи педиатрия орталығы ашылды

Бұл медициналық мекеме жаңа туған сәбилер мен 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды.

Бүлдіршіндерге сапалы қызмет көрсетуге бағытталған орталықта қазір 16 педиатр еңбек етеді. Олар жылына 8 мыңға жуық баланы қабылдайтын болады. Сонымен қатар орталықта болашақ аналарға арналған бөлме де қарастырылған. Мамандар дүниеге дені сау сәбиді әкелу жолдары мен оны жетілдіру бағыты бойынша семинарлар жүргізеді. Орталық тіркеуінде тұрған балаларды толық қамту мақсатында әмбебап патронаж медбикесі қызметі ашылды. Ол баланың мекенжайына барып қызмет көрсетеді. Сонымен қатар медициналық мекемедегі барлық құрал-жабдықтар балалардың психологиялық жағдайына ыңғайластырылып жасалған. Әр дәрігердің кабинетіне түрлі ойыншықтар қойылыпты.

Сәния Боранқұлова, қалалық №3 емхананың директоры:

- Біздің орталықта ресурстық бөлім ашылды. Баланы қалай жақсы тәрбиелеуге, қалай оны сүюге, қалай дұрыс тамақтандыруға, қосымша қандай тамақ қосуға – бәріне осы орталықта үйретеміз.

Осы категория бойынша: « Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды Алматыда «Туған жер» жастар лагері ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы