365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда алғашқы ақпараттық технологиялар лицейі ашылды

  • 290
  • UPD: 21:39, 01.09.2018

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында былтыр Қостанай облысында 21 роботты техника кабинеті пайдалануға берілді.

Бұл мақсатқа жергілікті кәсіпкерлер 200 млн теңгеден астам қаржы құйған. Ал биыл облыс орталығында алғашқы ақпараттық технологиялар лицейі ашылды. 

Балғындардың шаттығында шек жоқ. Олар мұнда қатаң іріктеу арқылы қабылданған. Мұғалімдер де кілең таңдаулы, жаңаша оқыту курсынан өтіп келген тәжірибелі мамандар. Қысқасы, білім саласындағы соңғы жетістіктердің бәрі балалардың игілігінде.

Назгүл Сәден, мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-интернатының мұғалімі:

– Осы мектептің оқушылары 3D модульдерді пайдаланып, ғылыми жұмыстарды жасай алады. Және жаңадан ашылған киностудиямыз бар. Онда балалар видео-роликтер түсіре алады.

7-8-11-сыныптарға арналған мектеп-лицей 198 орынға шақталған. Жанында 200 орындық интернаты тағы бар. Сабақ үш тілде өтеді. Таяуда сүйемелдеуші робот-ұстаздар әкелінбек. Әзірге заманауи 9 кабинет жасақталған.

Ерлан Бекішов, мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-интернатының директоры:

– Ол бізде информатика, робототехника, 3 мөлшерлі модельдеу, киностудия, мәжіліс залы және негізгі химия-биология бойынша кабинеттер алынды. Және де қосымша қаражат бөлініп, киберспорт кабинеті ашылайын деп жатыр.

Аймақта білім саласын цифрландыру саласы серпін алған. Демеушілердің қаражатын қоспағанда, биыл облыс бюджетінен 2000 жаңа компьютер сатып алу үшін 267 млн теңге бағытталды.  

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

– Одан басқа бүгін ашылып отырған осы лицейдің қайта жаңғырту жұмысына, құрылғылар сатып алуға 200 млн теңге жұмсалды. Ол тек бүгінгі күнге ғана, 10 қыркүйек күні басқа құрылғылар келеді, оған да қаржы бөлеміз.

Сондай-ақ таяуда Қостанайда ақпараттық-технология орталығы іске қосылады. Оған қарастырылған қаржы көлемі – 1,5 млрд теңге. Ал жаңа лицейге қажетті энергия болашақта толықтай баламалы қуат көздерінен алынбақ.

Авторлары: Абылай Мауданов, Сергей Трахтенберг

Осы категория бойынша: « Қазақстандық өнерпаздар әйгілі «Фриндж» фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды Елордада Жас ұландар қатары толықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы