365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігерлер Астанадағы ана өліміне байланысты алдын ала диагнозды атады

  • 179
  • UPD: 14:47, 04.09.2018
Дәрігерлер Астанадағы ана өліміне байланысты алдын ала диагнозды атады elorda.info

Әкімдікте өткен брифингте Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әлия Рүстемова елордада қаза болған әйелдің алдын ала диагнозын атады.

Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

«1 қыркүйек күні 20:22-де №2 көпбейінді қалалық ауруханада ана өлімі тіркелген болатын. Бұл кенеттен болған жағдай. Алдын ала «Су қағанағының қан эмболиясы (қан тамырларының бітеліп қалуы)» диагнозы қойылған. 2 қыркүйекте патологоанатомиялық зерттеуден кейін диагноз расталды. Алайда бұл алдын ала диагноз. Нақты себебін бізге бір аптадан соң гистологиялық тексерістен соң береді», - деп түсіндірді Әлия Рүстемова.

Оның сөзінше, эмболия – босанатын әйелдердің кенеттен қайтыс болуына себепші болатын аурулардың бірі. Оны алдын ала болжау әлемде мүмкін емес. Медициналық көмек көрсетілгенімен, әлемдік тәжірибеде мұндай жағдайларда 80-90%-ы әйелдің өліміне әкеп соғады.

Әйелдің жүрек қызметі тоқтаған сәтте кесір тілігі арқылы баланы алу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Әзірге шақалақтың жағдайы ауыр, бірақ дәрігерлер сәбидің оңалып кету мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

«Мұны дәрігердің қателігі деу – дұрыс емес. Бүгінде баланы еш алаңсыз көтеріп жүре алатын, емін-еркін босана алатын әйелдердің көрсеткіші - небәрі 15%. Басқа әйелдер қандай да бір аурумен ауырады және ол жүктілікке әсерін береді», - деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің штаттан тыс акушер-гинекологы Иван Коркан.

Осы категория бойынша: « Дәрігердің алдындағы ұзын-сонар кезекті мүлде азайту керек – Б.Сағынтаев Жетісудағы мектептерде кадет сыныптары ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы