374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік оқушылар сабақтарын спортзалда оқуға мәжбүр

  • 269
  • UPD: 20:50, 04.09.2018

Семейлік оқушылар жаңа оқу жылын тосын жаңалықпен қарсы алды.

№28 мектептің жеткіншектері сабақтарын спортзалда өткізуге мәжбүр. Бұған мердігер мекеменің үшінші қабаттағы жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтамауы себеп болған. Қалалық білім бөлімі енді оларды сотқа бермекші. Құрылысшылар жұмысты осы аптаның соңына дейін аяқтауға уәде беріп отыр. Оған дейін кейбір сынып оқушылары басқа бөлмелерде білім ала тұруына тура келеді.

Болат Көкенайұлы, тілші:

– Бұл – үдере көшіп жатқан Семейдегі №28 мектептің оқушылары. Ұстаздар қауымы кабинет жетпегендіктен, осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған. Қазір бірнеше сынып шәкірттері спортзалда және басқа да бөлмелерде білім алып жатыр. Мектеп басшылығы мәселе жақын арада шешімін табатынын айтады.

Ерсайын Мұхамедиев, №28 орта мектептің директоры міндетін атқарушы:

– Негізі 6 кабинет көшті. Олар – спортзал және өзін-өзі тану пәні және технология кабинеті. Сабақтары өткізіліп жатыр. Біз қадағалап жүрміз.

Мектептің үшінші қабатындағы төбені жөндеу тамыз айының ортасында басталған. Жаңбырдан кейінгі сызаттарды реттеп, сылау жұмыстарына қалалық бюджеттен 5 миллион теңге бөлініпті. Жұмыстың кеш басталуы қаражаттың тек шілде айында ғана бөлінуіне байланысты болып отыр.

Мейірбек Ескермесов, мердігер мекеменің өкілі:

– Уақыт сәл тығыздау болып қалды. Адам іздеп табамыз дегенше, уақыт жоғалды. Бастағанымызға 10 күннен асты. Осы апта бітіруге тырысып жатырмыз.

Қалалық білім бөліміндегілердің айтуынша, келісімшартта көрсетілгендей, жұмыстар қыркүйектің біріне дейін аяқталуы тиіс болған. Сондықтан қазір олар кешіктірілген әрбір күн үшін шымкенттік мердігер мекемеге өсімпұл тағайындау туралы сотқа шағымданбақшы.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

Осы категория бойынша: « Теміртаудағы жаппай улану оқиғасына кім кінәлі? ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктінде болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы