374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның ауылдарын ауыз сумен толық қамтамасыз ету жоспарланды

  • 185
  • UPD: 10:10, 11.09.2018

Шығыс Қазақстанда алдағы 3-4 жыл ішінде алыстағы ауыл аймақтың барлығын дерлік ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

Бұл үшін 103 миллиард теңге қаражат қажет. Сала басшыларының мәлімдеуінше, қазір өлкеде ауыз су құбырын тарту құрылыстары қарқын алып отыр. Дегенмен облыс орталығы  Өскеменнің өзінде талай жылдан бері тіршілік нәріне зар болып отырғандар  бар. 

Мамандардың сөзіне сенсек алдағы жылдары аймақта таза ауыз сумен қамтылмаған елді мекен қалмайды. Жырақтағы жұртқа тіршілік нәрін жеткізуге бағытталған құрылыстар қарқынды. Көкпекті ауданындағы Теректі ауылы бүгін-ертең сапалы суға қол жеткізгелі отыр. Ал Үржар ауданындағы Шолпан ауылы тұрғындарының ауыз су сұрап шырылдағандарына талай жыл болған еді. Бұл туралы біздің арнаның тілшілері де бірнеше рет мәселе көтеріп, репортаж жасаған. Ауылды орталықтандырылған су жүйесіне қосу жобасы өткен ғасырдың 90-жылдары қолға алынып сол күйі аяқсыз қалыпты. Тіпті өткен жылы оқушылардың жаппай сарыауру жұқтыруына осы сапасыз ауызсу себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды.

Айтберген Майланұлы, Шолпан ауылының тұрғыны:

- Ауылды жерлерді көркейтеміз деп жатырмыз. Өзі құдықтан қазып ішкен судың сапасы төмен. Ауыз су міндетті түрде керек. Ауыз су деген ең бірінші проблема ғой. Ауыз су болмай ештеңе болмайды. Бірінші мәселе су. Таза су болса денсаулық та таза болады, бала-шағамыз да аман болады ауру-сырқаудан.

Енді міне «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігерлер анықталды. Жоспар бойынша Шолпандағы жұмыстар келесі жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

- Бізде Шолпан ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған. Былтырғы жылы жоба жасалып, экспертизадан өтіп, биылғы жылға 630 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Бүгінгі күнге конкурстық құжат рәсімдеу толық аяқталды. 2 жылға жоспарланған өтпелі жоба. 2018-2019-жылы қолданысқа беріледі орталықтандырылған таза ауыз сумен «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес.

Өңірде жалпы осы жыл соңына дейін 9 мың тұрғын орталықтандырылған су жүйесін қолдануға мүмкіндік алады.

Гүлшара Мұхамеджанова, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім жетекшісі:

- Биыл облыста ауыз су тартуға орай 17 миллиард теңгеге 51 жоба іске асырылуда. Осының 21-і қолданысқа беріледі,ал қалғаны келесі жылы жалғасады. Дегенмен, Жарма, Аягөз, Үржар,Көкпекті аудандары әлі де сумен қамтылу бойынша облыстық көрстекіш деңгейінен төмен тұр,қазір бұл олқылықты шешуге ат салысып жатырмыз.

Алыстағы ауылға жетіп жатқан ауыз су Өскеменге қарасты Ахмер ауылына 5 жылдан бері бұйырмай келеді. Тұрғындардың бірі  Бақытжан Назарбаева суды тек тасып ішіп жүрміз дейді.Жақында ғана құбыр төсеу жұмыстары басталыпты,енді тіршілік нәрі тартылады деген үмітте.

Бақытжан Назарбаева, Ахмер ауылының тұрғыны:

- Тартып жатырмыз бастадық дейді, ал осы жұмыс ары қарай аяқсыз қалып қалмаса екен,осы суды биыл бізге тартып берсе екен аяқтап, осы суды жіберсе екен деген ойдамыз.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Алайда ахмерліктердің арманы биыл да орындалмайтын болды. Өздеріңіз байқағандай, жұмыс енді басталып жатыр. Мамандар ауыз су тарту шаруасы тек 2019 жылдың соңына қарай аяқталады деп отыр. Ол үшін 944 миллион теңге қаражат қарастырылмақ.

Авторлары: Э.Ахметова, А.Төлепов, Болат Көкенайұлы

Осы категория бойынша: « Қарағандылықтарға ыстық су жылыту маусымында беріледі Ақтөбе облысында дәрігер жетіспейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы