374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батыс Қазақстан облысында 275 көшенің атауы өзгерді

  • 133
  • UPD: 18:31, 14.09.2018

Батыс Қазақстан облысында былтырдан бері 127 көше мен 4 елді мекен жаңа атауға ие болған.

Ал жаңа жылдан бері 275 көшенің, 14 шағынаудан мен 6 ауыл және 2 алаңның атауы өзгерді. Мәселен Шыңғырлау ауданына қарасты Полтава елді мекені Ардақ, ал Лубин ауылы Ақшат болып өзгертілді. Облыстық драма театр Хадиша Бөкееваның, ал жаңа алаң тұңғыш Президент есімдерін иеленді. Облыс орталығының аумағы жыл санап үлкейіп келеді. Бұрын көшелер мен шағынаудандар нөмірмен ғана белгіленіп келсе, енді олардың әрқайсысы Мәдениет министрлігі мен тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстарға сай мағыналы атаулармен аталатын болды.

Жомарт Ерназаров, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- Ең бастысы идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелер бар. Топонимикалық жүктемесі жоқ атаулар. Мәселен, Коммунистическая, Советская, Ленина, Пролетарская дегендей. Екіншіден, ешқандай мән-мағынасы жоқ көше атаулары бар, мысалы Тупиковая, верхняя, нижняя. Жалпы сол көшенің атауын ауыстырудың мақсаты патриоттық негіздеме беретін, өскелең ұрпаққа қай көшеде мен тұрамын, қай батыр, қай бидің, қандай қоғамдық белсендінің атымен тұрады деген сұрақ тууы керек.

Осы категория бойынша: « Тұмауға қарсы егу шаралары 1 қазанда басталады Ақтаудағы II Халықаралық театр фестивалінде әйгілі өнер қайраткерлері қазылық етеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы