389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда жаңа мешіт бой көтерді

  • 939
Бурабайда жаңа мешіт бой көтерді

Қасиетті жұма күні Көкше жұртшылығы үшін қуанышты хабармен есте қалды.

Бурабай баурайында жаңа мешіт бой көтеріп, ел игілігіне берілді. 3 қабатты нысан ерекше сәулет үлгісі бойынша салынған. 150 адамға арналған Алланың жердегі үйінде 2 ғибадат бөлмесі, кітапхана және имамның бөлмесі бар. Мешіт Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бастамасымен, Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау қорының қаражатына салынды. Ал құрылыс жұмыстары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жіті қадағалауымен жүзеге асты. Айта кетейік, жергілікті тұрғындар бұл күнді 1 жыл күтті. Былтыр ескі мешіттің ғимараты өртке оранып, жарамсыз болып қалған еді.

Серікбай қажы Ораз, Бас мүфти:

- Осы мешіттің сыртқы үлгісі де, ішкі сәулет құрылысы да, мехраб, минбар, ішкі құрылысындағы күмбез бен сыртқы мұнара да талаптарға сәйкес салынды. 

Нұрсейіт Қасенов, Бурабай ауданының тұрғыны:

- Бұл - Алланың үйі. Бұған таласатын, оған сәйкес келетін ешқандай үй жоқ. Сондықтан Бурабай өлкесінде ашылып отырған үйіміз қайырлы болсын.

Хабар 24 телеарнасы