389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО полицейлері халықаралық бағытта жолаушыларды тасымалдайтын көліктерді тексеруде

  • 407
СҚО полицейлері халықаралық бағытта жолаушыларды тасымалдайтын көліктерді тексеруде

Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 400-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өңірде республикалық «Нелегал» жедел алдын алу шарасының екінші кезеңі өтті. 4 күн бойы полицейлер халықаралық бағытта жолаушыларды тасымалдайтын көліктерді, құрылыс алаңдарын тексеріп, арнайы рейд ұйымдастырды. Заңға бағынбағандардың басым бөлігі Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінің азаматтары екендігі анықталды. Оларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жалпы сомасы 1 миллион 400 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 112 шетелдікке елде уақытша болу мерзімі қысқартылды.

Роза Жүкенова, облыстық ІІД көші-қон полиция қызметінің аға инспекторы:

– Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 408 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде Қазақстан республикасы аумағынан 17 шетел азаматы шығарылды. Олар бес жылға дейін Қазақстан аумағына кіре алмайды. Заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының жиырма азаматы жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы