386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысын газбен қамтамасыз етуге 13 млрд теңге жұмсалады

  • 512
  • UPD: 08:10, 03.10.2018

Ақтөбе облысында шалғайдағы ауылдарды газбен қамтамасыз етуге бағытталған 3 жоба жыл соңына дейін аяқталады.

Әйтеке би, Хромтау, Байғанин және Ойыл аудандары тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді. Қазіргі таңда облыстағы 374 елді мекеннің 115-іне табиғи газ тартылған. Бұл жалпы өңір тұрғындарының 88 проценті деген сөз. Келер жылы да бұл жұмыстар жалғасын табады. Облысты газбен қамтамасыз етуге 13 миллиард теңге жұмсалады.

Нұртай Сертаев, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- 2018-2019 жылдары 19 жоба іске асырылатын болады. Қазіргі таңда келісімшарттар жасалған және құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. 19 жобада 12 елді мекен, жалпы халық саны – 7,6 мың адам.

Хабар 24 телеарнасы