386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау-Астрахань жолын жарақтандыру бизнеске игі ықпалын тигізеді

  • 434
  • UPD: 13:58, 16.10.2018
Атырау-Астрахань жолын жарақтандыру бизнеске игі ықпалын тигізеді

Атырау-Астрахан күре жолының қайта жарақтандырылуы жол жиегіндегі шағын және орта бизнестің дамуына игі ықпал етеді.

Қазірдің өзінде кәсіп иелері бизнес жоспарларын жасақтап, іске кірісуге дайын. Солардың бірі Құрманғазы ауылындағы жеке кәсіпкер Зәмзәм Оразова. Күніне 20-30 автокөлікке қызмет көрсететін шағын орталық отбасылық кәсіп көзі. Мұнда 10 адам жұмыс істейді. Кәсіпкер  ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында 2016 жылы 7 проценттік өсіммен 4,3 миллион теңге несие алған болатын. Қазір көлік жуатын орталық пен шағын дәмхана жұмыс істеп тұр. Бизнестің бағытын анықтап алған ауыл кәсіпкері, енді жол бойынан жаңа нысандар салуды жоспарлап отыр.

Зәмзәм Оразова, жеке кәсіпкер:

- Біздің орталығымыз Атырау-Астрахан жолына 50 метрдей жерде жақын орналасқан. Несие берсе осы орталығымызды үлкейтіп, машина, техника көп болады. Соған енді жұмыстанамыз. Қонақүй керек, көлік жөндейтін орын керек.

Хабар 24 телеарнасы