386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада үш ауысымды мектептер мәселесі 2019 жылы шешіледі

  • 739
  • UPD: 21:57, 19.10.2018

Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев халықпен кездесуі барысында хабарлады.

Жиынға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, студенттер мен білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысты. Арнайы құрылған республикалық ақпараттық топ келушілерге Елбасы Жолдауының ең басты тетіктерін түсіндірді.

Елорда халқы жыл сайын артып келе жатқандықтан, орта мектеп тапшылығы мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр. Осы орайда қала әкімдігі бұл түйтіктілді басты бағыттардың бірі етіп белгіледі.

Ермек Аманшаев, қала әкімінің орынбасары:

- Алдағы 5 жылда 37 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Олардың төртеуі биыл қолданысқа беріледі. Келер жылы 14 нысан салынып бітеді. Әр мектеп 2500-3000 балаға есептелген. Көзделген мақсаттарымыз орындалса, 2019 жылы 3 ауысыммен оқитын мектептер болмайды.

Елбасы жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға ерекше назар аударылған. Ұлттық экономкика министрінің орынбасары Руслан Дәленов қазақстандықтардың жалақысы қалай өзгеретінін түсіндірді.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Салық кодексіне сәйкес ең төменгі жалақы көрсеткішіне салық салынбайды. Қазір бұл сома 28284 теңгені құраса, келер жылдан бастап 42 500 теңгеге дейін өседі. Яғни әр адамның жалақысы 30 пайызға дейін көтеріледі.

Жиында мұғалімдердің мәртебесін көтеру жайында да сөз қозғалды.

Бақтияр Мәліков, ҚР БҒМ департамент директоры:

- Қазір заң бойынша министрлік те құрдық. Министрлікте осы бөлімдерден, білім басқармаларынан, мектептерден көп ұсыныс түсіп жатыр. 2019 жылы осы заңды қабылдаймыз. Мұғалімнің мәртебесін көтеретін стимулдар жүктемесін азайту, керек емес тексерулер.

Кездесуді қорытындылай келе қатысушылар Елбасы жолдауының ең маңызды бағыттары халыққа тиянақты түсіндірілгенін айтты.

Авторлары: Дариға Ташенова

Хабар 24 телеарнасы