385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бакудегі конференцияда еліміздегі энергетика саласының дамуы талқыланды

  • 452
  • UPD: 07:54, 22.10.2018

Қазақстанның көмірсутегі ресурстарымен бірге баламалы энергияны дамыту бойынша тұжырымдамасы бар.

Біздің елдегі энергетикалық саланың дамуы Бакуде өткен Каспий және Орталық Азия аймағы бойынша 3-Еуразиялық конференцияда талқыланды. Қазақстан - қазіргі таңда мұнай-газ өндіруші жетекші елдердің бірі. Мемлекет жылына 80 миллион тонна мұнай мен 100 миллиард текше метр табиғи газ өндіреді. Жасыл технология және инвестициялық жобалар жөніндегі халықаралық орталық төрағасының орынбасары Арман Қашқынбаевтың айтуынша, Қазақстан қазір көмірсутегін халықаралық нарыққа шығару құрылымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл шикізаттарды Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры мен Баку Эр-зурум газ құбыры арқылы тасымалдау мәселесі де қарастырылып жатыр. Жиында баламалы энергияны дамыту туралы жобалар да таныстырылды.

Арман Қашқынбаев, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы төрағасының орынбасары:

- Қазақстанда Президент 5 жылға бекіткен жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы бар. Онда елдегі баламалы энергетика үлесін дамыту бойынша нақты жоспарлар көрсетілген. Оны 2020 жылға дейін 3 процентке, 30-шы жылға қарай 10 процентке, ал 2050 жылға таяу 50 процентке жеткізу көзделген. Энергетика министрлігі оны жүзеге асыру жоспарын дайындауға кірісіп кетті. Ол елдегі инвестициялық жүйенің тиімділігін арттырып,  жаңа инвесторларды тартуға көмектесуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы