386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттаған 10 адамды ұстады

  • 569
  • UPD: 12:40, 29.10.2018
ҰҚК әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттаған 10 адамды ұстады knb.gov.kz

2018 жылғы 27 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады.

Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде.

Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған.

Сонымен қатар ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Ақпарат көзі: knb.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы