388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық жастар жұмыспен қамтылуда

  • 729
  • UPD: 13:41, 30.10.2018

Жас келсе – іске!

Ақмола облысының Зеренді ауданында жастарды еңбекпен қамту шаралары жүріп жатыр. Биыл 938 адамға жұмыс берілуі тиіс болса, оның 88 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

4 ай бойы жұмыс іздеген Айымгүл Сейітқожинаға туыстары еңбекпен қамту орталығына баруға кеңес берген. ЖОО-ның биыл бітірген жас маман бас-аяғы 10 күннің ішінде тұрақты жұмыс тауыпты.

Айымгүл Сейітқожина, Зеренді ауданының тұрғыны:

- Өз бетімше жұмыс табу қиын болды. Сондықтан еңбекпен қамту орталығындағы мамандардың көмегіне жүгіндім. Құжаттарымды тапсырғаннан кейін, көп ұзамай ішкі істер органына жұмысқа орналастым.

Жас мамандардың тағы біразы аудандық әкімдік бөлімдеріне жұмысқа тұрыпты. Олар алғашқы жартыжылдықта 45 мың теңге жалақы алады. Жастардың көбі туризм мен агроөнеркәсіп саласындағы жұмыстардан да бас тартпайды.

Асхат Әбуғалиев, Зеренді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Жалпы, кәсіпкерлік бағдарламасымен 27 жасты жұмыспен қамтып отырмыз. Әлеуметтік жұмыс орындарына 32 адамды қамтып отырмыз. Қоғамдық жұмыс орындарына 55 адамды, осы бағыт бойынша ауданда үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Ауданда өз кәсібін ашқысы келетіндер де көп. Мұндағы 139 тұрғын кәсіпкерлік негіздері курсын тәмамдаған. 77 адам шағын несие алса, 12 адамға 240 мың теңгеден грант берілді. Ал келесі жылы тау-кен байыту комбинаты салына бастайды, сондай-ақ бірнеше ауылға сумен және электр жабдықтау жүйелері жүргізілетін болады. Мұның барлығы кемінде тағы 40 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Мадина Смагулова, Анатолий Полянный, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы