389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

  • 593
  • UPD: 23:25, 09.11.2018
БҚО-да коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

Батыс Қазақстан облысында электр қуаты мен жылудың бағасы төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл облыстық прокуратура тарапынан монополист компаниялардың тарифтерін тексерудің нәтижесінде мүмкін болды. Тексеру қорытындысында анықталғандай, жылумен қамтушы компания 50 миллион теңгенің міндетті шығындарын өтемеген. Ал бұл сома жылу қуатының тарифіне қосылған. Енді келер жылдың тамызына дейін жылудың гекакалориясы бұрынғыдай 5289 теңге емес, 5211 теңге болмақшы. Электр қуатын таратушы компания да 72 миллион теңгеге тарифтық сметаны сақтамаған. Сол себепті жаңа жылға дейін жарықтың құны да арзандады.

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Осылайша осы соманы өтеу үшін бұрын электр қуатының құны 5 теңге 47 тиын болса, 2018 жылдың 1 тамызынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықта 5 теңге 37 тиынға арзандады. Сонымен  қатар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 теңге 1 тиынға арзандату жоспарланды.

Хабар 24 телеарнасы