384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар: Сатып алушы тауар сапасына қатысты құжаттарды талап етуге құқылы

  • 295
  • UPD: 07:51, 27.11.2018
Мамандар: Сатып алушы тауар сапасына қатысты құжаттарды талап етуге құқылы

Техникалық регламентсіз елге бір де бір тауар кіргізілмейді. Мұндай талап Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында арнайы құжатпен мақұлданған.

Дегенмен, нарыққа сырттан көлеңкелі бизнес арқылы тасымалданатын өнімдер бұл заң талаптарын өрескел бұзып отыр. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы мамандарының пікірінше, елге тасымалданатын және өзімізде өндірілетін кез келген азық-түлік жіті бақыланады. Өнімнің сапасына кепілдік беретін негізгі құжат техникалық регламент. Яғни Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында бекітілген құжат бойынша шекара асатын кез келген өнім міндетті түрде тіркеліп, сапасы сараптамадан өтеді.  

Жанар Махметова, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ зертханасының  бастығы:

- Біздің лабораторияның мақсаты сол өнімдердің стандартқа сәйкес пе, жоқ па соны анықтау. Егер де сәйкес болмаса құжатта  көрсетеміз бұл өнім стандартқа сәйкес емес деп.

Назира Салменбаева, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ бөлімінің бастығы:

- Кез-келген тұтынушы өнімнің сапасына күмәнданса немесе қаптаманың сыртындағы тауар тым кішкентай шрифтермен жазылған болса, сатушыдан сол өнімнің сапасына қатысты барлық құжаттарды талап етуге құқылы. Мәселен, ет өнімі болса ветеринарлық мамандардың анықтамасы болуы мүмкін. Ал шетелдік өнім болса, сынақ құжатының нәтижесін сұрау қажет.

Хабар 24 телеарнасы