386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде мүгедек жандар мен ардагерлерге арналған шипажай ашылды

  • 567
  • UPD: 15:50, 09.12.2018

Мекеме жылына 3 мың адамға дейін қабылдап сауықтыру шараларын жүргізе алады. Жергілікті кәсіпкер 30 жылдан бері бос тұрған ғимаратты өз қаражатына жөндеуден өткізсе, тұрғындардың денсаулықтарын тегін  нығайту үшін мемлекеттен қаражат бөлінді. 100-ден астам адам еңбекпен де қамтылып отыр.

Шипажай ашылған бірнеше ай ішінде 500-ден астам адам осында емделіп, оңалту шараларын қабылдап үлгеріпті. Бәрінің кәсіпкерге де, мемлекетке де алғыстан басқа айтары жоқ. Шынымен де 30 жылдан астам уақыт бос тұрған ғимарат қазір өзгеше кейіпке енген.

Бағлан Шегедеков,  шипажайдың бас дәрігері:

- Біздерден де инвестиция жасалды, 100 миллионнан аса. Оған асхана, жатар орындар жөнделді, емдеу корпустары жөнделді. Мемлекет пен кәсіпкердің екеуінің қосылып істеген ісінің арқасында тұрып қалған шипажай бүгінгі таңда халыққа қызмет жасап жатыр тиімді. 106 адам жұмыс істейді, қанша адамға жұмыс беріп отырмыз.

Бұрын облыс тұрғындары тек Шемонайха ауданындағы шипажайға баратын. Бұл әсіресе семейліктер үшін шалғай болғандықтан көбі мүмкіндіктен шет қалушы еді.

Шолпан Жамантаева, емделуші:

- Семейде өте жақсы, қолайлы. Кейбір адамдар алыс жерлерге бара алмайды, өйткені біреуінің жағдайы бар, біреуі аурумен жете алмайды. Мына қызметкерлер өте жақсы. Массаж алып жатырмыз, ине терапиясы, ванна, балшық бәрін алып жатырмыз. Көңіл күйіміз жақсы. Кешке би болады, кинотеатр бар.

Қазір мұнда тек мүгедектер емделіп жатса, келесі жылдан бастап зейнеткерлер де денсаулығын тегін түзей алады. Шипажай басшылығы болашақта басқа да заманауи құрал-жабдықтар алып, емдік шаралардың озық тәсілдерін енгізуді жоспарлап отыр. Ол үшін арнайы инвестициялық жоспар да жасалынған. 

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы