385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топты ұстады

  • 497
ҰҚК есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топты ұстады mir24.tv

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Күдіктілер абақтыда отыр. Олардан 97 келі марихуана тәркіленген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жалпы өткен жылы Алматының өз басында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 14 дерек тіркелген. 84 келі есірткі мен жүйкеге әсер ететін заттар, соның ішінде 74 келі героин мен 8 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. Тасығаны үшін, қылмыстық топтардың қатарында болғаны үшін 12-сі жауапқа тартылды. Екеуі – шетел азаматы. Бүтін бір астыртын зертхана құрғандары, онлайн саудалағандары да бар. Олардан 5 келі синтетикалық есірткі мен 500 келі химиялық қоспа тәркіленген.

Хабар 24 телеарнасы