389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында апатты жағдайдағы мектептер сүріледі

  • 772
  • UPD: 15:26, 03.02.2019

Жамбыл облысындағы 85 білім ордасы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

2021 жылға дейін мұнда 4 апатты жағдайдағы мектеп сүріліп, орнына жаңасы салынады деп күтілуде. Қабырғасы сөгіле бастаған білім мекемелерінің бірі – №16 орта мектеп. 1944 жылы іргесі қаланған білім ошағында қазір 1,5 мың шәкірт оқып жатыр. Бала санының артуына орай қосымша ғимарат салынғанымен, ол мәселені түпкілікті шешкен жоқ. Керісінше, жалғанған ғимараттың арасы ажырап, апатты жағдайға айналған.

Жәмилә Бекбатырова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 85 мектеп күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді деп біз мониторинг  жасап  қойдық. Биылғы жылға 26 мектептің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Бұл мектептердің барлығын облыстық бюджеттік өтінімге ұсынатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы