411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалықта боранда жолда қалып қойған 6 адам құтқарылды

  • 977
  • UPD: 09:59, 25.02.2019
Арқалықта боранда жолда қалып қойған 6 адам құтқарылды inform.kz

Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 6 адам мен 2 техниканы қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арқалық қаласынан қырық бес шақырым жердегі Целинное ауылының маңында екі автокөлік боран кезінде қалың қар құрсауында тұрып қалған.

«Құтқарушылар жол таңдамайтын Марш-БРОНТО техникасымен жолаушыларды қауіпсіз аймаққа көшірді. Екі көлікте алты адам болған. Олардың екеуі бала. Жолаушылар Арқалық қаласына аман-есен жеткізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы ауа райы қолайсыз кезде мүмкіндігінше үйден шықпауды және дауыл жөніндегі хабарламаға жауаптылықпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Арқалық қаласының Ашутасты ауылына келе жатқан жолда құтқарушылар қар құрсауында қалған 3 жеңіл автокөлікке көмек көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы