388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде міндетті екпе алу шарасы қайта қаралуы мүмкін

  • 669
Елімізде міндетті екпе алу шарасы қайта қаралуы мүмкін

Алдағы уақытта «В» гепатиті мен жатыр мойнының қатерлі ісігі сынды онкологиялық ауруларға қарсы вакцинация шарасы енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының панельдік сессиясында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Оның айтуынша, азаматтар арасында обыр дерті азаймай отыр. Сондай-ақ тұрғындардан келіп түскен 4 мың ұсыныстың 58-і оң шешімін тапқан. Мәселен, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерге азаматтар қызмет сапасы мен қолжетімділікті арттыру және ұзын-сонар кезек проблемасын шешуді жатқызған. «Қалғаны бойынша арнайы жобалар әзірленіп жатыр», – дейді сала мамандары. Сонымен қатар балалардың дұрыс тамақтануы мен оларды спортқа баулу керектігі айтылды. Еске салайық, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем қызметкерлері жалақысын кезең-кезеңмен өсіру үшін биыл бюджеттен 5 млрд 300 млн теңге қаражат бөлінген болатын.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Біз биыл да осы медициналық институттарды бітірген мамандарды тікелей жаңа заң негізінде мемлекеттік мекемелерге, ауылдарға ауруханаларға жіберіп, 3 жыл жұмыс жасатамыз. Себебі мемлекет тарапынан оқып шыққан студенттер елге міндетті түрде 3 жыл жұмыс жасауы керек.

Хабар 24 телеарнасы