378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Halyk Bank» клиенттеріне жаңа қызмет түрлерін ұсынып отыр

  • 312
  • UPD: 23:06, 01.03.2019

«Халық банк» өз клиенттеріне жаңа қызмет түрлерін ұсынып отыр. Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге арналған өзара төлем жүйесі бұдан былай үздіксіз жұмыс істейді. Қазір банк қызметіне еліміздегі 275 мың кәсіпкер жүгінеді. Сапаны одан әрі жақсарту үшін кәсіпкерлер пікірін білу мақсатында банк басшылығы арнайы іс-шара ұйымдастырды.

«Халық банктің» жаңа қызмет жүйелері мен қаржылық ақша айналымының артықшылықтары көп. Дегенмен, банк қызметіне жүгінетін кәсіпкерлердің өз ойлары мен ұсыныстары бар. Сондықтан, олармен ашық әңгіме құрып, пікір алмасу үшін бірқатарын дастархан басына жинап, кездесу өткізді. Онда банк қызметіне байланысты алғыс та, сын да айтылды.

Айдарбек Жүсіпов, кәсіпкер:

- Осындай ашық әңгіме кезінде кедергілер  мен жұмыста кездесетін кемшіліктерді талқылап, шешуге болады. Оған банк басшлығы дайын екендіктерін айтты. Әрине кәсіпкерлер үшін ыңғайлы әрі жылдам сервистердің болғаны дұрыс. Сонда қаржы жұмысының ұйымдасқан жұмысы нақты нәтижеге жеткізеді.

Банк заманауи технологияларды пайдалана отырып, соңғы 3 айда бизнес қауымдастығы үшін онлайын қызметтің жаңа 10 түрін іске қосты. Ал қашықтықтан жасалатын қаржы операциялары өзге банктермен салыстырғанда 3-6 есе арзан, дейді қаржыгерлер.   

Нұрлан Жағыпаров, «Halyk Bank» АҚ басқарма басшысының орынбасары:

- Біз заңды тұлғалар үшін тәулік бойы кез келген төлем түрлері көрсетілетіндігін хабарладық. Әзірге мұндай бастаманы  ешқандай банк қолға алған  жоқ. Оның негізгі артықшылығы – енді банк клиенттері сенбі, жексенбі демей жалақы алуға, түрлі төлемдерін кез келген уақытта жасай алады. 

Сонымен қатар банк онлайн жүйесінде төлемдерді қабылдауға, қадағалауға, чат арқылы өз қызметкерлерімен байланысуға, банкоматты пайдаланып компания шотына қаржы салуға немесе алуға  болатын цифрлық жүйелерді іске қосты. Қазіргі уақытта  «Халық Банк» қызметіне жүгінетін заңды тұлғалар саны 3 мыңға жетті.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы