389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадан қайда көшеді?

  • 545
  • UPD: 15:01, 20.03.2019
Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадан қайда көшеді? Akorda.kz

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс орны белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің құжаттама-ұйымдастыру жұмыстарымен айналысамыз. Біз Назарбаев орталығына жайғасатын боламыз. Оның өз кабинеті бар. Біз сіздерді шақырып, барлығын көрсете аламыз», - деді ҚР Президенті Кеңсесінің меңгерушісі Махмұд Қасымбеков журналистерге берген сұхбатында.

Бүгін ҚР жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, мемлекетті басқару міндетіне кірісті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне «Нұрсұлтан» деп атауды ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы