379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық тұрғын соғыс ардагері В. Скачков туралы мультфильм шығармақ

  • 60
Петропавлдық тұрғын соғыс ардагері В. Скачков туралы мультфильм шығармақ

Евгений Зиновьев қан майданда ерлікпен қаза тапқан жерлесі жайлы жан-жақты ізденген.

Тіпті мәскеулік тарихшыларға сұрау салып, мұрағаттан ақпарат алдыртты. Енді сол бойынша қысқаметражды туынды әзірлеу үстінде. Автор балаларға арналған тарихи дүниесін Жеңіс күніне дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бір қызығы 20 жастағы мультипликатор тіс дәрігеріне оқыған. Кейін мамандығын тастап, шығармашылыққа ден қойды. Қазіргі таңда ол түрлі тақырыпта 20-дан астам мультфильмді жарыққа шығарды.

Евгений Зиновьев, жоба авторы:

– Мәскеулік тарихшылар Виктор Скачков мінген танктің нөмірін таба алмады. Ол Подольск қаласындағы құпия мұрағатта бар екен. Алайда ақпарат жекеге беріледі. Ал онда барып келуге жағдайым жоқ. Басқа да шығындарға қаржы қажет.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы