379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Апатқа ұшыраған тікұшақ бортында Ақтөбе облысының тумасы Д.Қоңырбай да болған

  • 221
  • UPD: 16:31, 28.03.2019
Апатқа ұшыраған тікұшақ бортында Ақтөбе облысының тумасы Д.Қоңырбай да болған

Апатқа ұшыраған тікұшақ бортында Ақтөбе облысының тумасы Данияр Қоңырбай да болған. Майор шеніндегі сарбаз 2003 жылы орта мектепті тәмамдаған.

Ақтөбедегі Талғат Бегельдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында авиация инженері мамандығы бойынша білім алады. Жауынгерлік қызметті 2007 жылы Алматы облысындағы әскери гарнизондардың бірінде бастаған. Соңғы 6 жыл Маңғыстау облысында қызмет етті. Биыл 34 жасқа толатын майордың артында жұбайы мен 3 баласы қалды. Өткен жылдың желтоқсан айында кенже ұлы дүниеге келген еді. Қаза болған сарбаздың жақындары денесін туған жеріне, яғни Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Қаракөл ауылына жеткіземіз деп отыр.

Асқарбек Дәулетов, Д. Қоңырбайдың ағасы:

- Соңғы рет осыдан он күн бұрын кездестік. Ақтөбеге жұмыс бабымен келген еді. Сол кезде әскери академияға оқуға түсіп, одан әрі қызметін жалғастыруды жоспарлап жүргенін айтты. Болашақта Қорғаныс министрлігінде еңбек етемін деп армандайтын еді.

Медет Ерғалиев, Д. Қоңырбайдың жолдасы:

- Мынау Наурыз мейрамының алдында келіп, барлық жора-жолдастарды аралап, барлығының үйіне соғып, қоштасқандай болып, бірақ енді көңіл-күйі жақсы еді. Алға қойған мақсаттарының көп екенін айтып, Үшаралда болды. Одан мынау Ақтауға кетті, енді бұйырса Ақтөбеге ауысам деген арманы бар еді. Осындай жағдай болып қалды енді.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, қаза болған сарбазды жерлеу шығындарын Ақтөбе облысының әкімдігі толығымен мойнына алған. Данияр Қоңырбайдың отбасына қаржылай қолдау көрсету мәселесі қарастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы