379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері 2 млн астам көші-қон қызметі көрсетілді

  • 126
  • UPD: 15:36, 30.03.2019

Жыл басынан бері тұрғындарға 2 миллионнан астам көші-қон қызметі көрсетілген.

Былтыр ішкі істер министрлігінің өкілдері азаматтарға 20 миллионға жуық мемлекеттік қызмет түрін ұсынса, соның он алты жарым миллионы көші-қонға қатысты. Тек соңғы үш жылдың ішінде ішкі істер органдары елімізге еңбек етуге келген мигранттарға бір жарым миллион рұқсатнама беріп, оны ұзартқан. Еңбек мигранттарының саны әсіресе көктем мен жаз кездерінде өсе түседі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жемқорлық жолдарын жою үшін барлығы «бір терезе» қағидасымен ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы