379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда автобус жеңіл көлікпен соқтығысты: Жүргізуші жұмыстан шеттетілді

  • 202
  • UPD: 09:38, 03.04.2019
Нұр-Сұлтанда автобус жеңіл көлікпен соқтығысты: Жүргізуші жұмыстан шеттетілді tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда №300 автобус Subaru маркалы автокөлікпен соқтығысты.

Бұл туралы «Астана LRT» баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«№300 автобус Қорғалжын жолымен қалаға қарай бет алған. Жолда жеңіл автокөлік автобустың алдына шығып, күтпеген жерде тоқтай қалған. Салдарынан автобус жүргізушісі жеңіл автокөліктің артқы бөлігін соқты», - деп хабарлады «Астана LRT» өкілдері.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Басшылық шешімімен ол жұмыстан шеттетіліп, Біліктілік орталығына қайта білім алуға жіберіледі. Ол №1 автопаркта 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жүргізуші ретінде 13 жыл тәжірибесі бар.

Хабар 24 телеарнасы