379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде «Рухани жаңғыру» аллеясы ашылды

  • 128
  • UPD: 15:18, 04.04.2019
Сыр өңірінде «Рухани жаңғыру» аллеясы ашылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Рухани жаңғыру» аллеясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдіктің ерекше белгілері айрықша ардақталған аумақта биіктігі 11 метр болатын «Мәңгілік ел» және «Қазақ хандығы» монументі орналасқан. Ғибраты мол саябаққа келушілер қазақ халқының ежелгі дәуірінен сыр шертетін жазбалар мен тәуелсіздік жылдарындағы қабылданған тарихи шешімдерді оқи алады. Құрылысы жарты жылға созылған гүлзарды абаттандыруға 14 миллион теңге жұмсалды. Тәрбиелік тағылым тұнып тұрған аллея шиеліліктердің көп серуендейтін орнына айналып үлгерген.

Әсел Мұхамеджанова, оқушы:

- «Рухани жаңғыруды» мен елімізді қайта өркендету, әрі қарай дамыту деп түсінемін.

Хабар 24 телеарнасы