389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арнасынан асқан өзен Петропавл шетіндегі саяжайларға қауіп төндіріп тұр

  • 369
Арнасынан асқан өзен Петропавл шетіндегі саяжайларға қауіп төндіріп тұр

Солтүстік Қазақстанда Есіл өзеніндегі су деңгейі соңғы тәулікте 24 сантиметрге дейін көтерілді.

Қазір арнасынан асқан өзен Петропавл қаласының шетінде орналасқан саяжайларға қауіп төндіріп тұр. Осыған байланысты мұнда арнайы бекет қойылып, мамандар күндіз-түні кезекшілікке көшті. Оның үстіне өңірде ауа райы да бұзылды. Тіпті қар жауып, күн суытып бұл өзен ағысына кедергі келтіруде.

Сондай-ақ жақын күндері Ақмола облысындағы Жабай және Калутон өзендерінен келген су Есілге келіп құймақ. «Сондықтан екінші толқын болуы мүмкін», - дейді төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Көктем келгелі өңірде 22 жол учаскесін су басқан. Оның біреуі республикалық, үшеуі облыстық, қалғаны жергілікті жолдар.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Заречный мөлтек ауданы. Сол жерден автомобиль жолынан «Челябинск-Новосибирск» республикалық маңызды жолдан судың ағуы байқалуы керек. Осыған байланысты сол жерде кезекшілік ұйымдастырып отырмыз. Енді бұл жерде айта кету керек, біршама Есіл өзенінің арнасында орналасқан саяжайлардың аумақтарымен құрылыстарын біршама су басуы мүмкін. Жексенбіден бастап күннің суытуына байланысты, судың ағу қарқыны төмендеп отыр. Осыған байланысты да судың деңгейі біршама көтерілуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы