389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілер тұрғындар сауалына онлайн жауап беруде

  • 403
Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілер тұрғындар сауалына онлайн жауап беруде

Мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың сауалына онлайн жауап беруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желілердің мүмкіндігін игілікке жарату тәжірибесі «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде қолға алынған. Бүгінге дейін жергілікті 6 басқарманың жетекшісі тікелей эфирге шығып, сұрақтарға жауап берді. Бірінші кезекте әлеуметтік салаға жауапты қызметкерлер шақыртылған. Мың жарымға жуық азаматтан 200-ден астам сұрақ түсті. Бұл диалог алаңына алдағы уақытта барлық мемлекеттік мекеме өкілдері келетін болады. Қазіргі таңда тікелей эфирдің кестесі құрылып, интернет бетіне күнделікті аңдатпасы шығарылады. Тұрғындар тарапынан да қызығушылық күн санап артып келеді.

Рафхат Бисенов, Ақтөбе облыстық МҚІЖСЖҚІҚ департаменті жетекшісінің орынбасары:

– Он мыңнан астам тұрғын тіркелген. Бұл – жыл басынан бергі үлкен көрсеткіш. Соның басым бөлігі – онлайн қабылдау басталғаннан кейін тіркелген қолданушылар.

Хабар 24 телеарнасы