378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазығұртта 6 мектеп пайдалануға беріледі

  • 225
Қазығұртта 6 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылдық округінде 300 орындық мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа нысанның құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Қазір 3 қабатты ғимараттың төбесі жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ұясында заманауи спорт залы мен асхана, кітапхана мен медициналық кабинеттер және компьютер сыныптары қарастырылған. Мердігер мекеме мектепке қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етуді өз мойнына алды. Жалпы нысанның жобалық құны – 800 млн теңге. Бүгінге дейін соның 550 млн-ы игерілген. Қазір ауылдық округтің оқушылары екі мектепте білім алуда. Оқу жылы аяқталған соң көне ғимарат бұзылып, барлығы заман талабына сай жаңа білім ордасына көшіріледі. Айта кетейік, Қазығұрт ауданында биылғы жаңа оқу жылында 6 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ тағы да 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр. 

Әлихан Амалбаев, серіктестік директоры:

– Қазіргі таңда 80 адам жұмыс істеп жатыр. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен 30 жергілікті тұрғын жұмысқа алынған. 30 тамызға дейін мектепті бітіріп, жаңа оқу жылында пайдалануға береміз.

Хабар 24 телеарнасы